Әлемде адам аяғы тиген жердің барлығы ластанған. Ол жерлер сасық қана емес, адам өміріне, денсаулығына өте қауіпті бола түскен. 10 адамның 9-ының өліміне ауа райының нашарлауы себеп көрінеді.
Қазіргі кезде көліктен шығатын улы газ, көмірмен жұмыс істейтін жылыту орталықтары, ормандардың өртенуі әлем тұрғындарының тағдырын тығырыққа тіреген. Жер бетіндегі халықтың 92 пайызы тым ластанған ауаны жұтады. Ал үй мен ғимарат ішінде сау бір орын болмайды екен. БДҰ мамандары: «Жер бетінде жылына үш миллион адам ауаның ластауынан көз жұмады. Мәселен жұмыс орнындағы столыңыздың өзі сіздің өміріңізге қауіп төндіреді», – дейді.
Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебіне қарағанда, дамыған елдермен салыстырғанда дамушы елдердің жағдайы тіпті қиын көрінеді. Сондықтан мамандар барынша сақтануды, айталық жолдағы көліктер санын қысқартуды, қалдықтарды кәдеге асыруды жолға қоюды, ас әзірлеу барысында зиянсыз қуат көздерін пайдалануды ұсынып отыр.
Айтпақшы, бұл түйкілден біздің елімізде сырт қалған жоқ. Лас ауадан зардап шегетіндер қатары көбейген. Әсіресе Алматы қаласы ауа ластығы жағынан алғашқы орында.
Жолдасбек ДУАНАБАЙ