jasqazaq.kz

Түнгі жарыс ұйымдастырылатын жерлерге камера орнатпақ

05 тамыз 2020, 14:12

Алматыда түнгі жарыс ұйымдастыратын жерлерге арнайы камера орнатылады. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов айтты.Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

Қалада мақсатты түрде жергілікті рейд жұмыстары жалғасып жатыр.

Соңғы үш күнде арнайы батальон қызметкерлері жол ережесін бұзған 115 мотоцикл жүргізушісін әкімшілік жауапқа тартты. 19 мотоцикл арнайы айып тұрағына қойылды.

«Одан бөлек көлікті заңсыз жабдықтауға байланысты, даусын зорайтатын құрал қойған жүргізушілерге қатысты шара қолданылады. Олар жиналатын жерлерге видеокамера орнатылады», — деді Қанат Таймерденов.

Айта кету керек, бұған дейін Алматыда екі блогер көлік жарыстырғаны үшін жауапқа тартылғанын жазған болатынбыз.

Олардың біреуі ұсталып, түсінік берсе, екіншісі әлі қашып жүр.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия