jasqazaq.kz

Түнгі клуб иесі жасырын концерт өткізбек болған (видео)

07 желтоқсан 2020, 12:26

Ақтауда рэп орындаушысының концертін тамашалауға келген 70-тен астам адам түнгі клубтың алдына жиналған.

Келушілерді полиция қызметкерлері байқап, мониторинг топ өкілдерін шақырған. Мониторинг топ концертті тоқтатып, іс-шараны ұйымдастырушыларға әкімшілік кодекстің 425-бабы бойынша айыппұл салынды. Маңғыстау облысының Полиция департменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, V $ X V PRiNCE (Асха Принц) лақап атымен танымал рэп орындаушының концерті өтпек болған. «5 желтоқсан күні сағат 21:40-та 7 және 9 шағын аудандарда патрульдеу кезінде учаскелік инспекторлар: полиция майоры Д.Яцко мен полиция капитаны Р. Алиев «Н2О«клубына кіре берісте 70-тен астам адамның жиналғанын байқайды. Полицейлер келушілермен сөйлесіп, «Н2О» клубында концерт өтіп жатқанын анықтаған. Мобильді мониторингтік топ шақырылды, (әкімдік, сэс, әкімдіктің баспасөз қызметі) концерт тоқтатылды. Концерттің ұйымдастырушысына ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша материал жиналды», — деп хабарлады Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. Әкімшілік кодекстің 425-бабын бұзғаны үшін жеке тұлғаларға — 30 АЕК мөлшерінде, лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға — 230 АЕК мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне-310 АЕК мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне-1600 АЕК мөлшерінде айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза қарастырылған.

https://youtu.be/_EybCghXmqs

ҚазАқпарат

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық