jasqazaq.kz

Түнде жұрттың мазасын алып, ұйқы бермей жатыр: Олжас Бектенов қатты шу шығаратын мото және автокөліктерге қатаң шара қабылдауды тапсырды

22 қыркүйек, 12:02

Үкімет отырысында түнгі уақытта қатты шу шығаратын мото және автокөліктер мәселесі көтерілді. Премьер-министр Олжас Бектенов тұрғындардың тыныштығын бұзатын жүргізушілерге қатысты қатаң шаралар қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды jasqazaq.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ержан Сапарбекұлы, қатты шуылдайтын мото және авто көлік мәселесін неше рет өзіңізбен бірге талқыладық. Оларға өте қатаң шаралар қабылдау қажет. Әйтпесе түннің ортасында адамдардың мазасын алып, ұйқы бермей жатыр. Осыған байланысты қандай шаралар атқарып жатсыздар?», — деді Олжас Бектенов.

ҚР ішкі істер министрі Ержан Сәденов полицияның мұндай құқық бұзушылықтарды анықтау бағытында тәулік бойы жұмыс жүргізіп жатқанын айтты. Бұл істе бейнебақылау камералары сияқты цифрлық шешімдер көмектеседі. Сонымен қатар азаматтар 102 нөміріне хабарласып, мұндай фактілер туралы белсенді түрде хабарлайды.

Жыл басынан бері осындай 782 дерек тіркелді. Барлық құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 55 адам қамауға алынды. Сондай-ақ құқық бұзушылыққа қатысы бар көліктер мен мотоциклдер айыппұл тұрағына қойылады.

Министр бұл бағыттағы жұмыстардың күшейтілетінін атап өтті.

Премьер-министр осы бағытта жұмысты күшейтуді тапсырды.

Сурет: Ukimet.kz

29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты
28 қазан, 17:22
«JAS QAZAQ» газетінің 10 жылдық мұрағаты зерттелді
28 қазан, 13:47
Президент Жолдауындағы басты бағыттар қандай?
27 қазан, 18:46
Алматыда жастар мен Жетісу ауданының тұрғындары қалдықтарды сұрыптау бойынша экологиялық акцияға қатысты
27 қазан, 18:25
Ақмарал Ещанова: Экологиялық туризмді дамыту табиғатты қорғаумен қатар жүруі керек
27 қазан, 14:57
Жанұзақ Махамбетов: Басты міндет – қала тұрғындарына жылуды үздіксіз жеткізу
25 қазан, 17:35
Алматыда таулы аумақтарды тазарту бойынша ауқымды экологиялық акция өтті