jasqazaq.kz

Тыңдармандарына жан сырын ақтарған Қайрат Нұртас елдің жүрегін елжіретті

01 ақпан 2018, 15:47

10 жыл бойы жұбайын жұрттан жасырған Қайрат Нұртас соңғы кездері өзгеріп жүр. Жұлдызды жұртқа таныстырғалы Қайрат желідегі оқырмандарына жан сырын ақтаруды әдетке айналдырып алғандай. Бірер күн бұрын әнші ең ізгі арманы жайлы сөз етсе, бұл жолы жіберген қателіктері жайлы баяндады, деп жазады Stan.kz.

“Адам жас кезінде көп нәрсенің құндылығын түсінбейді екен. Қазір де қартайып қалған ештеңем жоқ. Бірақ кемшіліксіз адам болмайтынын бәріміз білеміз. Мен де көп қателестім, қателіктерімнен сабақ алдым. Дұшпанымды дос көрдім, досымды жау көрдім. Күмісті алтын санадым, алтынды темірге теңедім. Негізі, табиғатымда өте сенгішпін. Оған еш өкпелемеймін, керісінше қуанамын. Өйткені өмірдің өзі сенімнен тұрады. Аллаға деген сенім, болашаққа, жақсылыққа, отбасыңа деген сенім. Біз негізі біреуді сынауға келген де алдымызға жан салмайтынымыз рас. Бұл өмірдің өзі сынақ. Әркім өзі үшін өзі жауап береді. Бір-бірімізге тек жақсылық тілеп, жан-жағымыздың тек жақсы қырларын көретін болсақ, жүрегіміз де тыныш, өміріміз де тыныш болмақ. Сынақтан сүрінсеңіз де, құламауды Алла нәсіп етсін! Мен Сіздерді жақсы көрем”, – деді Қайрат ағынан жарылып.

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды