jasqazaq.kz

Түн ортасында төбелес болып, жас жігіттің денесі табылды

11 қыркүйек 2021, 11:31

Оралда түн ортасында төбелес болып, жас жігіттің денесі табылды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, 11 қыркүйекке қараған түнгі сағат 00.08 шамасында Н.Назарбаев даңғылы бойындағы қаланың ортасында орналасқан шіркеу маңында төбелес болып жатқаны жөнінде хабар түсті.

Полиция қызметкерлері дереу жеткен кезде 25-30 жастағы белгісіз ер адамның денесі табылды. Кейін марқұмның 1992 жылғы тұрғын екендігі анықталды. Қазіргі кезде аталған аса ауыр қылмысқа қатысы бар адамдар анықталу үстінде.

Осы оқиға бойынша ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

«Егер аталған қылмыстың куәгері болсаңыз, Абай полиция бөліміне немесе 102 нөміріне хабарласу сұралады. Полиция департаменті ақпараттың құпиялылығына кепілдік береді», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда автокөлік аударылып, екі адамның көз жұмғанын, БҚО тұрғынының 2,5 келіге жуық марихуанамен ұсталғанын жазған болатынбыз.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде