jasqazaq.kz

Тұмсығымен жерге қадалған ұшақ апатын экипаж мүшелері жасырғысы келген

06 шiлде 2019, 9:27

Тізгінге көнбеген ұшақтың ұшқалақтығына не себеп болғанына қатысты жаңа дерек шықты. Екінші шілде күні Қызылорда облысында Ан-2 ұшағының тұмсығымен жерге қадалған видеосы желіде таралған еді. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мән-жайды түсіндірді. Шаған ауданына қонған ұшақ толық тоқтап, тұраққа бет алғанда желдің екпінінен алға ауып кеткен. Экипаж сын сағатында сыр бермей қозғалтқышты өшіріп үлгерген. Тіптен, ұшақтың еш жері бүлінбеген. Ертесіне әуе техникасы Шымкенттегі базаға аман-есен жетіп қонған. Алдын-ала ақпарат бойынша, «аш бәледен қаш бәле» дегені ме экипаж болған жайға қатысты басшылыққа тіс жармапты.

Қанат Түсіпбеков, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің басқарма басшысы:

— Экипаж уақытында хабар бермегендіктен Азаматтық авиация комитеті уақытша бұл ұшақтардың жұмысын тоқтатты. Тергеу толық аяқталғаннан кейін қорытынды жарияланады. Соның нәтижесінде осы ұшақ қарасты әуе компаниясы белгіленген нұсқаулықтарды орындауға міндеттеледі.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда