jasqazaq.kz

Тұмау мен коронавирусты қалай ажыратуға болады?

13 наурыз 2020, 17:01

Әлем бойынша коронавирусты 100 мыңнан астам адам жұқтырды. Бұқаралық шаралардың өтпейтінін, рейстердің шегерілгенін ақпараттардан естіп отырған халық тамағы жыбырлап, аздап жөтелсе де, қауіптеніп, алаңдауы мүмкін. Сол себепті тұмау мен коронавирус белгілерін ажырата білген жөн, деп жазады CNN.

«Медицина және инфекциялық аурулар профессоры мен вакциналарды зерттеу тобының директоры Грег Польша аллергия, тұмау мен коронавирус симптомдары туралы сұхбат берді», — деп жазады агенттік. Мамандардың айтуынша, мұрынның бітеліп, көздің қышуы – аллергия белгісі. «Мезгілдік аллергия мұрын мен көзге әсер етеді. Кейде дене бөртуі мүмкін», — дейді профессор. Оның айтуынша, коронавирус пен тұмау симптомдары жүйелі сипатта болады. «Тұмау мен жаңа коронавирус басқа да ағзаға әсер етеді. Мысалы, тыныс алу жолдарына әсер етуі мүмкін. Бұл екеуінде де әлсіздік байқалады, емделуші көбіне жата бергісі келеді. Бір қарағанда бұл екі ауру симптомдары бірдей және оларды ажырату мүмкін емес сияқты көрінеді», — деп жазады автор. Оның айтуынша, тұмау кезінде адам бірнеше күннен кейін өзін жақсы сезіне бастайды, ал коронавируста керісінше, күн өткен сайын жағдай нашарлай береді. «Коронавирус кезінде демікпе байқалады. Дегенмен, тұмау мен коронавирустың алғашқы сатыларында олардың еш айырмашылығы жоқ», — дейді профессор.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия