jasqazaq.kz

Тұлымбай көлінде балық қырылып қалды

22 тамыз 2019, 10:37

Солтүстік Қазақстан облысындағы Тұлымбай көлінде балық қырылып қалды. Бұл жайында ҚР ҚР Экология, геология және табиғи ресрурстар министрлігінің баспасөз хатшысы Самал Ибраева Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Солтүстік Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ-ге 2019 жылғы 20 тамыз күні таңертең жергілікті маңызы бар резервтік су айдыны — Тұлымбай көлінде балықтардың қырылуы туралы ақпарат түсті. Сол күні инспекция, Табиғат ресурстар басқармасы және Солтүстік Қазақстан облыстық экология департаментінің қызметкерлерінен құралған комиссия оқиға болған жерге барды. Су айдынының жағалауы тексерілді. Өлген балықтар 185 келіні құрады, олар әртүрлі мөңке балықтары», — деді ол. Оның атап өтуінше, Экология департаменті, ветериналық қызмет, сонымен бірге тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігінің сапасын бақылау басқармасының мамандары санитарлық-химиялық анализдер мен зертханалық зерттеулер жүргізу үшін су мен өлген балықтардың сынамасын алды. Жергілікті әкімдік өлген балықтарды жинап, көзін жойды. «Балықтардың қырылу себептері туралы ақпарат лабораториялық зерттеулердің қорытындысы алынғаннан кейін хабарланады», — деді Самал Ибраева.

ҚазАқпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда