jasqazaq.kz

Түлкібас ауданында ауыл тұрғынын не үшін атқаны белгілі болды

03 маусым 2020, 12:52

Түркістан облысы Түлкібас ауданында ауыл тұрғынын атқан күдікті ұсталды. Тергеу барысында ол жәбірленушіні бір танысымен шатастырып алғанын айтқан.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға аудан орталығы – Т.Рысқұлов ауылында болған. Аудандық ауруханаға жедел жәрдем қызметімен оқ жарақаты тиген тұрғын жеткізілген. Жедел-тергеу тобына оқиғаны баяндаған жәбірленуші үйінен шыққанда есігінің алдына нөмірі жоқ «Мерседес» көлігі келіп, тоқтағанын айтқан.

Оның ішінде, отырған белгісіз біреулердің атқанын, салдарынан жарақат алғанын жеткізген. Осыдан кейін күдіктіні іздестірген тәртіп сақшылары оны 12 сағаттан кейін қолға түсірді. Тұлғасын анықтау барысында көрші ауылдың тұрғыны екені анықталды.

Ол жасаған қылмысын мойындаған. Күдікті жәбірленушіні басқа біреумен шатастырып алғанын, онымен біраз уақыттан бері ұрысып жүргенін айтқан. Сондықтан кек алу мақсатында атқан болып шықты.

«Ұсталған тұрғынның үйін тінту барысында 16 калибрлі аңшы мылтығы тәркіленіп, уақытша тергеу абақтысына жабылған. Қазіргі уақытта осы жәйтке қатысты Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр» делінген хабарламада.

aikyn.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия