jasqazaq.kz

Түлектер ҰБТ тапсыру кезінде қандай сақтық шараларын ұстануы керек?

07 мамыр 2020, 17:20

Шығыс Қазақстан облысында биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу 16 тапсыру пунктінде өткізіледі.

Бүгінде мектеп түлектері ҰБТ алдындағы соңғы дайындықтарын пысықтауда. Олардың көбісін осы жылы тестілеудің қалай өткізілетіндігі толғандырғаны рас. Жуықта Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да онлайн брифинг өтіп, оқушылар өз сауалдарына жауап алды. ШҚО Білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділова және университеттің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры Жадыра Қоңырбаева түлектер үшін басты емтиханның қалай өтетіні туралы, сонымен қатар ЖОО-ға құжаттарды тапсыру жайлы егжей-тегжейлі айтып берді.

«Биыл ҰБТ-ға өтініштер онлайн түрде қабылдануда. Мектеп түлектері 10 мамырға дейін өтінім бере алады. Облыс бойынша емтихан 16 тапсыру пунктінде өткізіледі. Форматы өзгерген жоқ, тек қана сақтық шаралар күшейтіледі. Мысалы, былтыр бір аудиторияда 60 студент отырса, биыл 30 түлек кіргізіліп, олар бір-бірінен алшақ отырғызылады. Сондай-ақ оқушылар тепловизор, антисептиктермен қамтамасыз етіледі. Ата-аналар да балаларының емтихан тапсырып жатқанын бақылай алады. Барлыға онлайн көрсетіледі», — дейді Сайрангүл Жұмаділова.

Айта кетейік, осы жылы облыс әкімінің 400-ге жуық гранты бөлінбек.

ktk.kz

05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)
17 қыркүйек, 21:00
Таңғы шық елімен тартымды уағдаластық