
Желіде мектеп бітірушілер аттестаттарын қоқысқа лақтырғаны көрсетілген видео тарап, қолданушылар арасында ашық пікірталас туғызды.
Видеода үш жігіт өз аттесттаттарын қоқысқа лақтырғаны көрсетіледі. Видео Instagram желісіндегі ztb_kz парақшасында жарияланып, қолданушылар мұны қызу талқылады. Олар жігіттердің әрекетіне разы болмай, құжатта мемлекеттік рәміз – Қазақстанның елтаңбасы көрсетілгенін ескермей, осылай жеңіл әлі арзан әзілдегені үшін айыптады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Осыдан соң бітірушілер өз әрекеті үшін кешірім сұраған видеосы пайда болды. «Құрметті барша қазақстандықтар, ұстаздарымыз, балалықпен жасаған қателіктер үшін кешірім сұраймыз. Білім туралы аттестат біздің болашағымыздың құжаты екенін түсінеміз, сезінеміз. Біз өзіміздің елтаңбамызды құрметтейміз, сыйлаймыз. Балалықпен жасаған ісімізге өте қатты өкінеміз», – деді жас қазақстандықтар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
NUR.KZ