jasqazaq.kz

Тыйым салынған затпен біліктілік тестілеуінде ұсталған мұғалім «жұлдызға» айналуы мүмкін

16 маусым 2020, 12:52

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов Ұлттық біліктілік тестілеуінде тыйым салынған зат пайдаланған мұғалімдер туралы бейнеролик түсіріп, әлеуметтік желіде таратуды ұсынды.
«Ұлттық біліктілік тестілеуінде тыйым салынған заттарды пайдаланған мұғалімдерге қатысты бейнеролик шығарып, әлеуметтік желілер арқылы таратуды ұсынамыз. Өйткені, сөзбен де айттық, жиналыстарда да ескерттік. Тестілеу өтетін жерге білім басқармаларының өкілдері де келеді. Бірақ, өкінішке қарай, жағдайдың жақсаратын түрі жоқ. Мұғалімдер тыйым салынған заттарды қолдануға тырысады. Сондықтан біздің ұсынысымыз, нақты фактілер бойынша қай облыстың мұғалімі екендігін көрсетіп, бейнероликтер таратсақ», — деді Дидар Смағұлов Білім және ғылым министрлігінің онлайн форматта өткен аппарат жиналысында. Осы орайда ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бұл ұсынысты заңнамалық тұрғыда қарастыру қажеттігін баса айтты. «Өйткені, бұл жеке адамның құқығына қатысты. Әрине, біз бір жағынан ұстаздардың мәртебесі десек, екінші жағынан осындай келеңсіз жағдайлар болғанда оны да айтуымыз керек. Бес саусақ бірдей емес. Кейбір әріптестеріміз заңға қайшы қылықтары болса тиісті шара қолдануымыз қажет. Өте қатаң шара қолданылатын болады. Екі жұманың ішінде 296 мұғалім заңсыз әрекетке барған. Біріншіден, құқық қорғау органдары тиісті жұмыс жүргізіп бастады. Екіншіден, біздің комитет өз жұмысын бастауы тиіс. Үшіншіден, білім басқармалары, бөлімдер, мектеп басшылары әр факті бойынша қызметтік тексеру жүргізіп, нақты шара қолдануы керек. Академиялық адалдық деген осыдан басталады», — деді Асхат Аймағамбетов.

ҚазАқпарат

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі