jasqazaq.kz

«Түйені түгімен жұтқандар» ақшамен қашып бара жатқанда ұсталды (Видео)

19 сәуiр 2023, 17:11

Антикор Талдықорғанның білім бөлімі қызметкерлерінің ақшамен ұсталған видеосын жариялады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің хабарламасында: «Талдықорған білім бөлімінің қызметкерлері миллиардтаған қаржы ұрлады деген күдікке ілінді. Сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметі Жетісу облысы прокуратурасының үйлестіруімен Талдықорған қаласының білім бөлімінің қызметкерлерін ұстады. Оларға білім беру саласында іс жүзінде жұмыс істемейтін үлестес тұлғалардың пайдасына өтеусіз қаржы аудару арқылы аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын ұрлаумен айналысқан деген күдік келтіріліп отыр. Алдын ала келтірілген залал сомасы шамамен 2 млрд теңгені құрады», — делінген.
Күдікті адамдар ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от САМАЛ ҚАБЫШЕВА (@samal_kabysheva)

JQ-Aqparat

28 қараша, 23:45
Әзірбайжан - сыртқы саясаттағы сенімді серіктесіміз
27 қараша, 13:36
Цифрлық экономика бүкілхалықтық сипат алады
27 қараша, 13:06
Асхат Ескендіров: Азаматтардың 79,9 пайызы сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабарлауға дайын
26 қараша, 14:05
Мұхит Асанбаев: Қазақстанның жаһандық бастамалары әлемдегі қауіпсіздік архитектурасын қалыптастыруға қызмет етеді
26 қараша, 13:54
Думан Қаптағаев: Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында 254 аумақ тазартылды
26 қараша, 12:28
Көкжиегі кеңейе түскен «eGov» пен «Aitu»
25 қараша, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
25 қараша, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі