jasqazaq.kz

Туысын атып өлтірген күдікті ұсталды

04 қараша 2019, 17:28

Алматы облысында өзінің туысын өлтірді деген күдікпен 36 жастағы тұрғын ұсталды. 

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қарашаның 2-і күні Еңбекшіқазақ ауданының Бөлек ауылындағы жер үйлердің бірінен 41 жастағы ер адамның мүрдесі табылған. Мерт болған азамат Есік қаласының тұрғыны екені анықталды. Тексеру барысында, жәбірленуші басына тиген бытыра оғынан қаза тапқаны белгілі болды. Жедел іздестіру кезінде күдікті ұсталып, қамауға алынды. «Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен бірнеше сағаттың ішінде жәбірленушінің туысы ұсталды. Оның сөзінше, туысы екеуінің арасында қызғаныштан ұрыс басталып, соңы өліммен аяқталған. Тергеуге аяғақ зат ретінде еш жерде тіркелмеген 16 калибрлы шолақ аңшы мылтығы тәркіленді», — деп мәлімдеді аталған ведомствоның баспасөз қызметінен. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның үстінен ҚР ҚК 99-бабы яғни, адам өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде