jasqazaq.kz

Туыстарымен бірге жезөкшелер үйін ашқан (Видео)

07 қараша 2022, 12:35

Полицейлер ерлі-зайыпты ұйымдастырған жезөкшелер үйін анықтады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Қанат Нұрмағамбетовтың айтуынша, жезөкшелер үйін ашқан жеті адамнан тұратын ұйымдасқан топ әшкереленген.

«Ерлі-зайыпты табыс табу мақсатында қонақ үй кешенін жалға алып, ол жерде жезөкшелер үйін ұйымдастырғаны анықталды. Қылмыстық ниетін жүзеге асыру үшін ерлі-зайыптылар әкімші, такси қызметіне жақын туыстарын тартқан», — деді Нұрмағамбетов Ішкі істер министрлігінде өткен онлайн брифинг барысында.

Интимдік қызмет көрсеткен қыздар таныстары арқылы жұмысқа алынған. Олар келісім шарт бойынша қонақүйде тұрып, 50 де 50 бойынша жұмыс істеген.

Полицияның мәліметінше, ұйымдастырушылар қыздарды ұзақ уақыт ұстау үшін қарызға бату әдісін қолданған.

«10 қыз 5 мың мен 40 мың теңгеге дейін ақыға қызмет көрсеткен. Қызмет көрсету үшін топ тек түнде — кешкі сағат 21.00-ден таңғы 5-ке дейін жұмыс істген. Күніне 50-ге жуық тұтынушы келетін болған», — деп қосты ІІМ өкілі.

Күдіктілер қамауға алынды.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр