jasqazaq.kz

Туыстар арасындағы түсінбеушілік кісі өліміне әкелді

17 ақпан 2021, 16:40

16 ақпан күні Талғар ауданы Полиция бөліміне Тұздыбастау ауылындағы жанар-жағармай бекеті аумағында ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабар түскен. Бұл туралы Алматы облысы ПД баспасөз қызметі хабарлайды.

Оқиға орнына шұғыл жеткен тәртіп сақшылары қайтыс болған адамның 1973 жылы туған Байбұлақ ауылының тұрғыны екенін анықтаған.

Қинап өлтіру белгілері бар ер адамның мәйіті табылды. Осыған орай, ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабына сәйкес адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмысқа қатысы бар күдіктіні жедел анықтау шаралары барысында 29 жастағы жігіт ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу құпиялығына байланысты таратылмайды, деді Талғар ауданы Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Жанболат Зиядин.
Тергеу барысында күдікті қылмыс жасағанын толығымен мойындаған. Оның қайтыс болған ер адамға жақын туыс екені анықталды. Көп уақытқа созылған туыстар арасындағы кикілжің осы қылмысқа әкеп соққан.

Тергеу барысында 1992 жылы туған жігіттің неге қылмысқа барғаны анықталады. Туысымен сөзге келіспей қалған ол ашуға бой алдырып, қолындағы пышақпен дене жарақатын салғаны белгілі болды. Іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды, деп толықтырды полиция полковнигі Жанболат Зиядин.

zakon.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия