jasqazaq.kz

Туысқаны тонапты

05 наурыз 2019, 15:38

Түркістан облысының полицейлері қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілерді құрықтады.
Ағымдағы жылдың 25 ақпанында полиция бөлімшесіне Келес ауданының тұрғынының үйіне қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабар келіп түскен.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері маскадағы белгісіз тұлғалардың жәбірленушінің үйіне кіріп, соққыға жығып, байлап, ақша мен алтындарын алып кеткендігін анықтаған. Бұл факт Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 192-бабы «Тонау» бойынша ЕРДР-де тіркелді. Жәбірленушілерге келтірілген залалдың жалпы сомасы бір миллионнан астам теңгені құрады.

Қылмысты ашу мақсатында Келес аудандық ПБ барлық қызметкерлері мен Түркістан облысының ПД-нің қызметкерлері жұмылдырылды. Тәжірибелі полиция қызметкерлерінің арнайы тергеу-жедел тобы күдіктілерді анықтауға және оларды қамауға алу үшін жан-жақты жұмыс жүргізді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Түркістан облысының ПД қызметкерлері күдіктілерді құрықтады. Олар Түркістан облысының бес тұрғыны болып шықты. Олардің бірі жәбірленшілердің туысқаны болып шықты. Әрі тонау оқиғасының «авторы» да сол екен. Полиция қызметкерлері олардан аңшылық мылтық, маска және басқа да материалдық дәлелдерді тәркіледі.

Қазіргі уақытта бұл факті бойынша ҚР ҚК-нің 192-бабы «Тонау» және 287-б. «Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша екі бап бойынша алдын-ала тергеу жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды.

Дереккөз: otyrar.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда