jasqazaq.kz

Туркияда Шымкенттің туристік әлеуеті таныстырылды

19 қыркүйек 2022, 15:58

Екіжақты кездесу аясында іскерлік және серіктестік қатынас орнату бойынша келіссөздер жүріп жатыр.

Стамбул мен Измирде Шымкенттің туристік әлеуеті таныстырылды. Шымкент қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының ұйымдастыруымен Түркияда роуд-шоулар өтуде.

Екіжақты кездесу аясында іскерлік және серіктестік қатынас орнату бойынша келіссөздер жүріп жатыр. Шымкент географиялық аумағы жағынан қолайлы және инвестициялық жобалар жүргізуге ыңғайлы жағдай жасалған қала. Бұл ретте, қалаға жақын орналасқан тарихи туристік аймақтардың және жағымды ауа-райының да келуші туристер үшін маңызы жоғары.

Жалпы, аталған Шымкент қаласының таныстырылымы арқылы Түркиядан келуші туристер легін арттыру көзделген. Бұл ретте Шымкент пен Стамбұл, Анталия бағыттарында тікелей әуе рейстері тұрақты жүруде.

Қазіргі таңда Шымкент 10 қаламен бауырласқатынас орнатса, жыл соңына дейін қосымша 7 қаламен ынтымақтастық құруды жоспарлауда. Оның ішінде: Қытайдың Далянь және Сиянь, Италияның Генуя қаласы, Әзірбайжанның Гянджа қаласы, Литваның Каунас қаласы, Болгарияның Пловдив қаласы, Татарстанның Қазан қалалары бар.

Айта кетейік, Шымкент қаласына келуші туристер саны 6 айлық көрсеткіш бойынша 216 249 адамды құраған. Ал «экспресс-статистикалық» ақпаратқа сәйкес 9 айда шаһарға 300 000-ға жуық турист келетіні күтіліп отыр.

Жалпы туристерді қабылдау көрсеткіші бойынша Шымкент қаласы республикада Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларынан кейінгі үшінші орында. Шет мемлекеттерден келетін туристердің басым бөлігін Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Түркия және Қытай азаматтары құрайды.

Туристер санының артуына Шымкент қаласынан тікелей бағыттағы әуе рейстердің көбеюі тікелей әсер етеді. Оның ішінде ішкі рейстер Нұр-сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау, Семей және Қостанай қалалары және Халықаралық бағытта Стамбул, Мәскеу, Анталия және Кутаиси қалаларына жүруде.

Тоқтар Жақаш

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде