jasqazaq.kz

Туған өлкені түлеткен жоба

17 қараша 2022, 18:03

Бәрекелді

Бүгінде қаладағыдай ауласында балалар ойнайтын алаңқайы, заманауи үлгідегі спорттық алаңдары бар ауылдадарды сирек те болса, көретініміз анық. Ал, сондай өркениет нышандары бар ауылдар санының Атырау және Маңғыстау облыстарында (Боранқұл ауылы) көбейіп келе жатқаны көз қуантады. Ал, жақсы істің қашан да бастаушысы болады десек, тұрғындардың туған ауылын көркейтуіне «Теңізшевройл» ЖШС-нің қаржылай қолдауымен Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) үкіметтік емес ұйымы ауыл тұрғындарымен бірлесіп жүзеге асырып отыр. Бұл қандай жоба екендігін тарқатып айтайық.

«Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі әлеуметтік салаға инвестиция бөліп, бірнеше жобаларды қаржыландыруды жүзеге асырып келеді. Соның бірі – ОАЕҚ -мен бірге жүзеге асырып келе жатқан «Qoğamdyq Keñıstıkter» әлеуметтік бағдарламасы. Аталған бағдарлама шеңберінде Маңғыстау облысының Бейнеу ауданына қарайтын Боранқұл ауылында балалар ойнайтын алаңқай, спорттық жаттығу алаңдарының салынуына ұйытқы болды. Жобаны жүзеге асырудағы мақсат – әр адам өзін ғана өзгертіп қоймай, айналасын, тіпті әлемді де өзгертіп, түлетуіне мүмкіндігі бар екендігіне көз жекізу. Ауыл тұрғыны «Орталық Азияның Еуразия Қорына» өзінің туған жерін көркейтіп, инфрақұрылымдық дамуына серпін беру мақсатында жобасын ұсынады. Мысалы, балалар ойнайтын алаңқай, ашық аспан астындағы спорттық алаң, тіпті ауылына сахна, көпшілік демалатын орын салу жөніндегі жобаларын қағазға түсіріп, гранттық конкурсқа жолдайды. Одан әрі конкурста үздік атанған жобаға «Теңізшевройл» ОАЕҚ арқылы қайтарымсыз қаржы бөліп, игілікті істің ұйытқысына айналады.

ТШО ОАЕҚ-ның «Qoğamdyq Keñıstıkter» әлеуметтік бағдарламасын жүзеге асыруға 2019 жылдан бері серіктес болып жүр. Үш жылдың ішінде Атырау, Маңғыстау облыстарының ауылдарында ғана емес, Атырау қаласында да небір жобалар жүзеге асырылды.

Мәселен, Атырау облысының Тұрғызба ауылы күннен-күнге көркейіп келеді. Оған себеп – «Qogamdyq kenistikter» әлеуметтік бағдарламасы. Тұрғызбалықтар бұл бағдарламаны бес саусақтай біліп алған. Себеп-бағдарламаның игілігін молынан көріп отыр. Мұратбек Ағылов өз ауылында сахнаның салынуына себепкер болды. Ол өнерпаз жастардың қанаттануына серпін беретін өнер алаңын жасау қажеттігін айтып, ОАЕҚ-на жобасын ұсынды. Нәтижесінде өз ауылында еңселі сахнаның бой көтеруіне қол жеткізді. «Болам деген баланың бетін қақпа, белін бу» дейді қазақ. ТШО-ның қаржылық қолдауымен салынған сахна ауыл тұрғындарының демалыс орнына айналды» дейді игілікті істің ұйытқысы болған М.Ағылов. Ауыл сахнасының жанынан «Жаңа әлем» атты жоба да жүзеге асып, 50 бүлдіршіннің бір мезетте бірге ойнауына мүмкіндік берді. Бұл ауылда сонымен қатар стритбол алаңы да ашылды және «Бэйби сити»деп аталатын балалар алаңына қайта жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Біз Мұратбектің ауылдасы Ақылбек Едігеұлын да әңгімеге тарттық. Едіге екі жылдан бері өзінің кіндік қаны тамған ауылында бірнеше жобаның жүзеге асуына ұйытқы болды.


–2020 жылдан бері Орталық Азияның Еуразия Қорының аталған бағдарламасына тұрақты түрде қатысып келемін. Шағын жобаларымды ұсынып, жеңімпаз деп танылып, үш бірдей нысанның ауылымда бой көтеруіне ұйытқы болғанымды мақтан тұтамын. Менің мақсатым – ауыл жастарының салауатты өмір салтын ұстанып, өзара достық, бауырмалдық қатынасты нығайтуына қол жеткізу. Нәтиже жоқ емес, бар! 2020 жылы ашық аспан астында жаттығу алаңын салдық. Былтыр «футбол жанкүйерлері» деген жобам жеңімпаз болып, ауылымыздағы көнерген кіші футбол алаңын қайта жаңғырттық. 100 адамдық көрермен орнын қоса салдық. Биыл баскетбол алаңын салып жатырмыз, жақында ашылуы болады. ОАЕҚ қорының бізге осындай мүмкіндік жасап, ТШО мен ауыл тұрғындары арасында алтын көпір орнатқанына алғысым шексіз, – дейді Ақылбек Едігеұлы. Келешекте осы ауылдан спортшылар өсіп шығып, ел мерейін асыратыны айдай шындық. Өйткені барлық қажеттілік бар.

Қосшағыл ауылында да «Қуаныш» деп аталатын ойын алаңқайы мен «Дала воркаут» атты спорт алаңы ашылып, ауыл тұрғындарының меншігіне берілді. Құлсары қаласында да «Бақытты балалық шақ» деп аталатын балалар ойын алаңқайы да ТШО-қаржылық қолдауымен салынды.

Бұл Атырау облысы бойынша.

Ал, Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданына қарасты Боранқұл ауылдық округіне былтыр да, биыл да «Теңізшевройл» ЖШС-ның қаржылай қолдауымен бірнеше әлеуметтік нысандар салынды. Қазан айының ортасында үш бірдей балалар ойнайтын алаңқай, екі спорттық алаңның ашылуы өтті. Биылғы жылға боранқұлдықтар бес жоба ұсынды, бесеуі де жеңімпаз деп танылды.
ТШО әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруды алдағы уақытта да қаржыландыра бермек. Біз мұның барлығын не үшін айтып отырмыз? Өйткені ТШО секілді елімізде іргелі компаниялар жоқ емес, бар.Солар да өздерінің табысын еселеп арттырып, байлығын игеріп отырған мекеннің көркеюіне салса, аз жылда-ақ ауылдарымыз да өркениеттің өріне өрлей түсер еді. Біз сөз етіп оырған ТШО негізінен Атырау облысының Жылыой ауданынан мұнай өнімдерін өндіретіндіктен, жер иесі саналатын жылыойлықтардың әлеуметтік мәселесіне ерекше назар аударып келеді.
-«Орталық Азияның Еуразия Қорының» бүкіл жұмысы барысында біз Қазақстандағы азаматтық қоғамды қолдау мен дамытуға зор басымдық бердік. «Qogamdyq kenistikter» бағдарламасын «Теңізшевройл» кәсіпорнының қолдауымен жүзеге асырып келеміз. Біздің бенефициарларымыздың үйлесімді жұмысына көпшіліктің бей-жай қарамауының нәтижесінде мыңдаған адамның өмірін өзгерткен және жақсартқан 80-нен астам нысан салынды»,– дейді «Qogamdyq kenistikter» бағдарламасының директоры Алма Шолпанқұлова.

Міне, сол 80-нен астам нысанның бой көтеруіне себепкер болған ОАЕҚ-ны жуырда ғана AmCham комиссиясы үкіметтік емес ұйымдар арасынан үздік деп таныды. ОАЕҚ басшысы Ринад Темірбековке Нидерланды королдігі елшісінің орынбасары Ноут Ван Вауденберг «Қоғам алдындағы еңбегі үшін» марапатын салтанатты түрде табыс етті. Расында да ОАЕҚ-ның жылыойлықтар үшін ғана емес, Атырау қаласы мен Маңғыстау облысы Боранқұл ауылының тұрғындары үшін де атқарып жатқан еңбектері орасан зор, қалай марапаттаса да, қандай атақ берсе де лайықты ұйым.

«Теңізшевройл» кәсіпорны Қазақстан мұнай өнеркәсібінің көшбастаушысы. Келесі жылы ТШО-ның құрылғанына 30 жыл толмақ. Кәсіпорын 1993 жылдан бері өз қызметкерлері мен Атырау облысы тұрғындардың игілігіне бағытталған түрлі әлеуметтік жобаларға 2,6 миллиард АҚШ долларына жуық қаржы жұмсады. Ал, әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы 2010 жылдан бері жүзеге асып келеді. Биыл 14 жобаға 2,3 миллион АҚШ долларынан астам қаржы бөлінді.
ТШО-ның әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталған инвестициялық жобасы өзге де іргелі компанияларға үлгі болса дейсің.

Қуаныш Рахмет

16 маусым, 14:37
Сагынтай Татибаевич: Государственный язык — духовная опора нации
16 маусым, 14:24
Туркестан: за пять месяцев привлечено 614,2 млрд тенге инвестиций
15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта