jasqazaq.kz

Туған күнде қарумен оқ атпақ болғандар ұсталды

23 сәуiр 2020, 19:50

#үйдеотыр

Алматы облысында туған күнді мылтық атып атап өтпек болған 19 адам ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Криминалдық полиция департаментінің мәліметінше, Алматы облысының криминалдық полиция қызметкерлері

«Ақсу ауданында қаруы бар бір топ адам жиналады» деген жедел ақпарат алған. Сол жерге жедел-тергеу тобы мен полицияның арнайы бөліністерінің қызметкерлері аттанады. «Қапал ауылының шетінде орналасқан Кіші Шымбұлақ елді мекенінде 5 автомашинамен келген 19 адам ұсталды. Олар мәнерлеп сырғанаушының бірінің туған күнін мерекелеу үшін жиналған. Облыс орталығының тұрғындарына тиесілі «Тойота Камри 50» және «Лексус 330» маркалы автокөліктерді тексеру кезінде 4 травматикалық тапанша, 1 атыс қаруы және 43 патрон тәркіленді», делінген хабарламада.

Қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.

«Төтенше жағдай кезінде карантин режимін бұзғаны үшін 19 адамға қатысты әкімшілік хаттама жасалды, материалдар ұсталғандардың тұрғылықты жері бойынша сот қарауында жіберілді», делінген хабарламада.

Ұсталған 4 адамнан атыс қаруы алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия