jasqazaq.kz

Туған қызын аяусыз зорлап келген азаматқа үкім шықты

07 қараша 2018, 11:27

Әйелі қайтыс болғаннан кейін туған қызын зорлап келгенін сот дәлелдеген Павлодар тұрғыны 16 жылға колонияға қамалды және химиялық жолмен піштірілетін болды.

365info.kz  хабарлағандай, журналистер үшін процестің жабық болғанына қарамастан, іс кәмелеттік жасқа толып үлгермеген қызға қатысты болғандықтан, үкім оқылатын сот отырысына бұқаралық ақпарат өкілдері кірді.

Сот материалдарынан 33 жастағы павлодарлықтың әйелі қайтыс болғаннан кейін бірнеше мәрте 10 жасқа толып үлгермеген қызына сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсеткені белгілі.

Әкесінен қандай қорлық көріп жүргенін қыздан туысы кездейсоқ білген. Ол полицияға хабарласып, кейін бірден ер адамнан қызын алып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Бірнеше ай ішінде полицейлер педофилдің кінәсін дәлелдейтін жеткілікті мөлшерде айғақтар жинап, 6 қараша күні Павлодар облысының ауданаралық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған сотында оған үкім оқылды — 16 жылға бас бостандығынан айырылды және химиялық жолмен піштірілмек.  Сотталушы осы жылы химиялық жолмен піштірілетін жетпіске жуық қылмыскерлердің бірі болмақ. Мемлекет осы процедураға 9,5 миллион теңге жұмсайды. Алдағы жылы осы жаза түрі 152 қылмыскерге қолданылады.

Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының өкілі Айгүл Мүкішеваның айтуынша, препарат қылмыскерлерге өмір бойына тағайындалып, оларға айына үш рет салынатын болады.

«Уақыт өте келе қылмыскерді химиялық жолмен піштіріп отыру мерзімін ұзарту немесе қысқартуды комиссия шешеді. Тоқтату үшін психиатрлар қылмыскердің педофилияға бейімділігі жоқ деген шешім шығаруы тиіс», — деді ол.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар химиялық жолмен піштірудің педофилдерді азайтуға көмектеспейтінін атап өтті. Мысалы, оны алкогольмен араластыратын болса, препараттың күші жойылады. Алайда әзірге химиялық піштіруді қандай жазамен алмастыруға болатыны белгісіз.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді