jasqazaq.kz

Туған қызы әкесінен 3 бала тапқан

30 шiлде 2018, 14:46

 

Ұлыбританияда әйел 81 жастағы туған әкесінен 3 рет жүкті болып, бала тапқан. Ол өлер алдында әкесінің өзіне жасаған азғын әрекеттері туралы күйеуіне айтып кеткен. Өз кезегінде күйеуі ДНҚ сараптама жасатып, нәтижесін полицияға хабаралапты. Нәтижесінде азғын қайын атасы 4 жылға сотталды.

Бұл туралы The Sun басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Қайтыс болған әйел Ашраф Ханның 4 баласының бірі болған. Ол Пәкістан жерінде дүниеге келіпті. Әйел тұрмысқа шығар алдында әкесімен бірге Брэдфорд қаласына көшіп келіп, 3 баласын дүниеге әкелген.

1980 жылдардың басында әйел бір жігітпен танысып, тұрмысқа шыққан. Ол осыдан 25 жыл бұрын өлер алдында күйеуіне сұмдық жайтты айтып беріпті. Алайда ер адам бірден полицияға шағымданбапты. Ол балалардың психикасын зақымдап алмауды ойлап, оларды өз баласындай тәрбиелеп, жеткізген.

Дәрігерлер балаларды тексерген кезде, олардан қан араласуынан туындайтын түрлі ауруды анықтады. Сонымен қатар олар атасының өздеріне үнемі ұрысатынын айтқан. Өз кезегінде бұл жайт та балалардың психикасы мен денсаулығына теріс әсер еткен.

«Бізбен бірге болған жалғыз адам – туыс болмаса да, бізді өз баласындай тәрбиелеген өгей әкеміз. Біз оның бұл жақсылығын ешқашан өтей алмаймыз… Барлығы әке бола алады, алайда ол сияқты тамаша әке бола алатындар аз», – дейді балаларының бірі.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді