jasqazaq.kz

Туған інісін пышақтап өлтірген Қызылорда тұрғыны 9 жылға сотталды

04 қараша 2020, 15:38

Қызылорда қаласының 54 жастағы тұрғыны туған інісін пышақтап өлтіргені үшін тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды.

Оқиға биылғы жылдың 30 наурызында болған. Сол күні қала тұрғыны алкогольді мас күйде өз пәтерінде туған інісімен сөзге келіп қалады. Ағасы одан ішімдік тауып беруін сұрайды. Өзара кикілжің кезіде 54 жастағы ағасы пәтерде болған танысының көзінше орындықта отырған інісінің сол жақ мойын тұсына пышақ сұққан. Ауыр дене жарақатынан інісі оқиға орнында көз жұмды.

«Сотталғанның жасаған кінәсі іс бойынша жинақталды. Ол сот мәжілісінде жан-жақты, толық, объективті бағаланды. Оның қылмысы заттай дәлелдермен, сараптама қорытындысымен дәлелденді. Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен 54 жастағы қала тұрғыны Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасына сотталды», — деді Қызылорда облысы прокурорының аға көмекшісі, әділет кеңесшісі Сая Темірбекова.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия