jasqazaq.kz

«Туған елге саяхат»

24 тамыз 2018, 14:16

«Самұрық-Қазына» Қорының өндірістік кәсіпорындарында жұмыс істейтін қызметкерлердің балалары «Туған елге саяхат» жобасының аясында іске қосылған арнайы пойызбен Қазақстан бойынша экскурсиялық тур жасады.

«Самұрық-Қазына» АҚ ғимаратында жобаның соңғы маусымынан оралған 200 баланы қарсы алды.

Жоба түрлі өңірлерден келген балалар үшін тамаша мүмкіндік болды. Олардың көбі Қазақстанның тарихи және заманауи көрікті жерлерін бірінші рет тамашалады. Саяхат бағдары бойынша балалар Астана, Байқоңыр, Түркістан, Алматы және Алакөлде болды. Жоба биылғы жылы барлығы 600 баланы қамтыды.

Жоба алғаш рет 2016 жылы жүзеге асырылды, содан бері 1000 жуық бала Қазақстан бойынша арнайы пойызбен саяхаттап, еліміздің ең қызықты туристік нысандарын тамашалады.

«Туған елге саяхат» балалар экскурсиялық туры – «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы шоғырланған аймақтарда жүзеге асырылатын «Менің елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасының аясында жүзеге асырылады. «Менің елім» бағдарламасы «Самұрық-Қазына» Қорының еншілес компаниялары қалақұрушы болып табылатын аймақтарда өмір сапасын жақсартуға бағытталған жобалар сериясын біріктіреді.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді