
Қызылордалық азамат туған анасына күш көрсеткен. Ең сорақысы, ол бұған дейін де кейуананы бір емес, бірнеше рет ұрған.
32 жастағы азамат ішімдікке сылқия тойып алған күйі анасын ұрып тастаған. Төзімі таусылған зейнеткер үйінен бас сауғалап, күйзеліс орталығына пана сұрап барыпты. Қазіргі таңда оның қатыгез ұлына қатысты іс қозғалыпты. Десек те мұның өзінде әжей баласын жазаламауды өтініп, оның ішімдікке тәуелділігін дәрігерлер емдеп шықса дейді.
Айта кетейік, карантин басталғалы бері Қызылорда облысында 160-қа жуық отбасылық жанжал тіркелген. Оның біреуінің арты өлімге алып келген.
Бақыт Молдабеков, Жергілікті полиция басқарма басшысының орынбасары:
— Қазір «Зорлыққа жол жоқ» іс-шаралары жүргізілуде. Үйдегі ұрыс керістердің 70%-ы алкогольдың кесірінен орын алады. Қазір біз профилактикалық тіркеуде тұрған азаматтарды тексерудеміз. Олармен түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз.