jasqazaq.kz

Туды шөптің үстіне жапқан тұрғын жазаланбайтын болды

26 наурыз 2019, 22:08

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны мемлекеттік ту бейнеленген баннерді қораға пайдаланған. Мемлекеттік рәмізбен мая шөптің үстін жапқан Қалбатау ауылының тұрғыны, баннерді көшеден тауып алғанын айтады. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Шөптің үстінде жатқан Қазақстан туының видеосы әлеуметтік желі арқылы тараған болатын. Ғаламтор қолданушылары, алғашында тудың нақты өзі деп түсініп, қызу талқыға салған болатын. Әйтсе де, ол мемлекеттік тумен қатар, бір шетіне Ақорда мен Бәйтерек бейнеленген баннер болып шықты. Болжам бойынша көрнекі зат Тәуелсіздік күніне орай арнайы әзірленген тәрізді. Сондықтан полиция қызметкерлері, оны кім жасады және мерекеден кейін неге ие болмады деген сұрақтардың жауабын іздестіруде. Дегенмен кәдесіне жаратып, жұрт арасында дау тудырған шаруа жазадан жеңіл құтылды. Себебі, мемлекеттік рәміздің өзі болмағандықтан баннердегі бейне үшін заңға сәйкес айыппұл салуға да келмейді екен.

Әйгерім Нұрғазина, ШҚО ПД баспасөз хатшысы:

— Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық анықталмады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде