jasqazaq.kz

Цой Тоқаевқа коронавируспен күрес бойынша 10 шараны ұсынды

30 маусым 2020, 11:15

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа коронавируспен күрестің жолдарын ұсынды.

Цойдың пікірінше, үкіметтің әрекеті коронавирустың жаппай тарауының алдын алған.

Енді жаңа министр халыққа қажетті 10 негізгі шараны атады:

— амбулаторлық деңгейде инфекцияны емдеудің қарапайым және түсінікті нұсқаулықтарын әзірлеу;

— дәрі-дәрмектерді жеткізу және сатып алу процедураларын жеделдету, отандық өндірушілерді ынталандыру;

— COVID-19 диагностикасында цифрлық рентген аппараттарын компьютерлік томографиямен бірге қолдану арқылы диагностиканың қолжетімділігін арттыру;

— сынақ зертханаларының мүмкіндіктерін кеңейту, тесттерді уақытында жеткізу;

— шақырту кезінде мобиль топтардың сынақ қоршауларын ұйымдастыруы;

— науқастарға үйінде ең қауіпсіз медициналық көмек көрсету;

— амбулаторлық деңгейде қашықтан кеңес беру;

— ауруханаларды жасанды тыныс беру аппаратымен жабдықтау;

— жерлеу тәртібін өзгерту;

— азаматтарға эпидемиологиялық ескертуді арттыру.

 Tengrinews.kz 

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия