jasqazaq.kz

Цой Тоқаевқа «белгісіз» пневмония туралы статистиканы баяндады

11 шiлде 2020, 21:45

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың белгісіз пневмониядан қайтыс болуына байланысты алаңдаушылық білдірді.

«Біздің елде статистикамызда ескерілмеген белгісіз пневмонияның қозуына байланысты қандай да бір қауесет пайда болды. Бұл не пневмония, шын мәнінде ол бар ма, жоқ па? Және бұл пневмониядан өлім-жітім қандай?», — деп сұрады Тоқаев денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдан үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Цой жауап ретінде статистиканы келтірді.

«2020 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда пневмонияның 98 546 жағдайы тіркелген, ал 2019 жылы 63 436 жағдай тіркелген. Өсім — 55,4 пайыз», — деді министр.

Оның айтуынша, бірінші жартыжылдықта пневмониядан 1772 қазақстандық көз жұмды. 2019 жылдың осы кезеңінде аурудан 1780 өлім тіркелген.

«Бірақ 2020 жылдың маусымында пневмониядан болған өлім саны 2,3 есеге артып, 628 оқиғаға жетті. 2019 жылдың маусымында 274 оқиға болған. Яғни маусымда өлім көрсеткіші 2,3 есеге артты», — деп жауап берді Денсаулық сақтау министрі.

«1772 — бұл өте үлкен көрсеткіш», — деді Тоқаев.

Президент Денсаулық сақтау министрлігінің күшін пневмониямен күреске де бағыттау керегін атап өтті.

«Қасым-Жомарт Кемелұлы, біз оларға мониторинг жүргіземіз. Осы пневмонияны ескере отырып барлық резерв төсектер шығарылады. Өйткені қазір біздегі барлық пациенттің жартысында — белгісіз пневмония, яғни коронавирус теріс нәтиже көрсеткен, бірақ олар стационарларымызда жатыр. Яғни біз мұны, соның ішінде төсекке және жасанды тыныс алдыру аппараттарына деген қажеттілікті ескереміз», — деді Цой.

«Яғни жағдай төтенше? Өлім көрсеткіші өте жоғары. Мұны мойындау керек», — деді Тоқаев.

«Пневмониядан өлім-жітім жоғары, иә. 2020 жылдың 1-8 шілдесі аралығында ғана пневмониямен 56 809 адам тіркелді. Яғни, бір апта ішінде күрт өсу байқалады», — деп жауап берді Цой.

«Бұл қандай пневмония? Табиғаты қандай?» — деп сұрады Тоқаев.

«Іште оларды бөлдіп жатқыздық. Мұнда вирустық пневмония бар – 7348 жағдай, әдеттегі бактериялық пневмония – 9759, және анықталмаған вирустық пневмония бар, олар коронавирус инфекциясына ұқсас – 39 702», — деп жауап берді Цой.

«Сіздерге қазір тек коронавирустың өзіне емес, сонымен қатар ілеспе ауруларға да күш салу керек. Көзді жұмуға немесе бұл мәселені көлеңкеге қалдыруға тырысуға мүлде болмайды. Адамдар қаза табуда. Қатты ауырып жатыр», — деді Тоқаев.

Tengrinews.kz

 

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия