
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында күздегі эпидахуалдың үш сценарийдегі ықтимал болжамын айтты.
Министрдің айтуынша, пессимистік сценарий кезінде қыркүйекте коронавирус жұқтырғандардың орташа саны тәулігіне 6300 адамға, қазан айында 2 400 адамға дейін жетеді.
«Реалистік сценарий кезінде қыркүйекте 5300 адамға дейін, қазан айында 1800 адамға дейін тіркеледі. Ал оптимистік сценарий орындалса, қыркүйекте аурушаңдық тәулігіне 4200 жағдайға дейін, ал қазанда 1300-ге дейін азаяды», — деді Цой үкімет отырысында.
Министр соңғы екі аптада коронавируспен ауыру көрсеткіші 10%-ке төмендегенін атап өтті.
Айтуынша, індетке шалдыққандардың дені – вакцина алмағандар. Науқастардың арасында екпе алғандар саны небәрі 2%-ті құрап отыр.
Сондай-ақ, Цой коронавирустан Қазақстанның әлемдік рейтингтегі көрсеткіші туралы айтты.
«Әлемдік рейтингте бір миллион халыққа ауру жұқтыру және өлім жағдайы көрсеткіші бойынша Қазақстан 222 елдің ішінде 101 орында тұр», — деді министр.
stan.kz