jasqazaq.kz

Цой қатаң карантин жарияланатын кезең бойынша болжамын айтты

26 қантар 2021, 15:19

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус жұқтырғандар саны ең көп болатын кезең мен қатаң карантин жариялануы мүмкін кезеңді айтты.

Денсаулық сақтау министрлігінде 2021 жылдың соңына дейінгі эпиджағдайдың дамуы бойынша болжам жасалды.

«Ауырғандар саны көп болатын кезең наурыздың соңында болуы мүмкін. Оптимистік сценарий бойынша, күніне коронавирус жұқтырған үш мың адам тіркеліп, ауруханаларда 24 мыңға дейін төсек орын толуы ықтимал.

Ал пессимистік сценарий бойынша, тәулігіне 6-9 мың қазақстандықтан коронавирус анықталуы мүмкін. Бұл жағдайда 45 мыңға дейін артық төсек-орын дайындалады. Бұл жағдайда карантин шаралары қатаңдауы мүмкін.

Болжам бойынша, 2 миллион адамға вакцина салынған жағдайда алғашқы жартыжылдықта вирус жұқтырғандар саны 40 мыңға дейін азаяды. Бірінші кезеңдегі вакцинация иммунитет қалыптастыру үшін керек және бір мезетте бірнеше адамға вакцина салу мүмкін емес. Кейіннен вакцинацияның әсері болып, елдегі эпиджағдайдың тұрақтануына әсер етеді», — деді министр.

Tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде