jasqazaq.kz

Цитадельде фотоға түсіп, сыйлыққа ие бол

12 қыркүйек 2022, 12:53

Шымкент қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы Цитадель қамалы аумағында жаңа фотозона орнатты. «Kazakh Tourism ҰК» АҚ-ның бастамасымен «Neo Nomad 2022» республикалық акциясы аясында іске асқан жоба — нысанға келген қала тұрғындары мен туристер үшін естелік жасауға мүмкіндік болмақ.

«Kazakh Tourism» компаниясы ұйымдастырған бұл фоторамка еліміздің туристік маңызы жоғары 20 өңірінде қойылуда. Соның бірі — Шымкент қаласындағы Цитадель. Талап бойынша, жыл ішінде барлық 20 өңірде болып, фотоға түсіп, #NeoNomad2022 хэштегі мен @kazakhtourism_official, @travel.kazakhstan парақшасын белгілеп салған инста-оқырман арнайы сыйлыққа ие болады.

Одан өзге, Шымкент қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы Шымкент қаласындағы фоторамкада суретке түсіп, естелік жасаушылар арасында да 3 жеңімпазды анықтап, сыйлықтар ұсынбақ. Толық ақпарат @visitshymkent парақшасында.

Айта кетейік, өткен жылы Шымкент қаласына келуші туристер саны – 316 832 адамды құрады. 2020 жылдың қорытындысы бойынша статистика 213 394 адамға жеткен болатын. Бұл пайыздық көрсеткіш — мегаполиске келген азаматтар санының 148,5 пайызға ұлғайғанын көрсетеді. Соның ішінде, Қазақстанның 300 мыңнан астам тұрғыны мен шетелдің 14 мыңнан астам азаматы Шымкент қаласына саяхаттау, іскерлік, кәсіптік, сондай-ақ жеке мақсатта сапарлатыпкелген. Келуші туристердің басым бөлігі Ресей, Өзбекстан, Түркия, Қытай Халық Республикасы, Сауд Арабиясы, Франция, Германия, Италия және АҚШ азаматтары.

Шымкент қаласы өткен жылдың қорытындысымен Республикада келуші туристер санымен 6-орынға жайғасқан. Ал, оның ішінде келуші шетелдік азаматтар бойынша 3-орынды құрап отыр. Туристер үшін Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы тарапынан жыл ішінде 153 экскурсия ұйымдастырылған.

Тоқтар Жақаш

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық