Цифрлық сауаттылық деңгейі артады

15 қараша 2017, 12:31

 

Цифрлық сауаттылық деңгейі артады

 Елбасының биылғы Қазақстан халқына Жолдауында «Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз.

Бұл – маңызды кешенді міндет», — делінген Осыған орай халықтың цифрлық сауаттылық деңгейін 2022 жылға қарай 83 пайызға жеткізу, яғни 2017 жылғы көрсеткіштен 7,5 пайызға өсіру жоспарланып отыр. Бұл туралы үкімет отырысында ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлім етті. Министрдің айтуынша, жол картасының 17-ші тармағына сәйкес, министрлік жергілікті атқарушы мекемелермен бірлесе отырып, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру шараларын қарастырды. Осының нәтижесінде сауаттылық деңгейін 2022 жылға қарай 83 пайызға жеткізу, яғни 2017 жылғы көрсеткіштен 7,5 пайызға өсіру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, «Цифрлық Қазақстан» аясында жергілікті атқарушы мекемелер оқытатын кәсіби маман санын арттыру да қамтылған. Цифрлық білім бүгінгі күні барлық салада сұранысқа ие екенін ескеретін болсақ, халықтың осы бағыттағы білімін ұлғайту аса маңызды екені анық. Алайда, жүргізілген сауалнама қорытындысына сәйкес, биылғы жылы компьютерлік сауаттылыққа оқыту еліміздің тек 7 аймағында жүргізілген. Жалпы, 84 мың адам оқытылған. Жыл соңына дейін жоспарға сәйкес тағы 12 мың азамат білім алуы тиіс. Жергілікті атқарушы мекемелер адамдарды ескі бағдарлама бойынша оқытып жатыр. Сондықтан, мемлекеттік бағдарлама аясында жергілікті атқарушы алдында алдында адами капиталды дамыту бағыты бойынша халықты цифрлық білімнің базалық курсынан өткізу міндеті тұр. Д.Абаев «Министрлік өз кезегінде осыны іске асыру үшін бірыңғай әдістеме әзірлеуді жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта бұйрық келісу үшін Әділет министрлігінде қаралып жатыр», — деп өз сөзін түйіндеді.

31 мамыр, 15:58
3683 Шумақ , 14732 жол. «Елім-ай» ән-дастанына 300 жыл
31 мамыр, 11:58
Ерболат Досаев: Мектептегі орын тапшылығы оңтайлы шешіледі
31 мамыр, 10:55
Манас Рамазанов: Инновациялық тәсілмен ота жасаймыз
30 мамыр, 20:01
Қазаққа қажет қағидат
30 мамыр, 19:24
АЭС: Таңдау кімге түседі?
29 мамыр, 0:06
Артықшылығы мол айналма жол
23 мамыр, 15:26
Жанат Айтпаева: Білімді көтеру – мемлекетті нығайту
23 мамыр, 14:32
Алматы: «Білім фестивалі» мамандық таңдауға жол ашты