jasqazaq.kz

Цифрлық Қазақстан: Алматы тұрғындары мемлекеттік бағдарламаның басты бағыттарымен таныс болады

20 қыркүйек 2018, 17:43

26-27 қыркүйек MOST бизнес-инкубаторында алматылық жастарға, оқытушылар мен мемлекеттік қызметкерлерге «QDigitalInform» семинары аясында блокчейн технологиясы мен қазақ тілді аудитория үшін электронды құжат айналымының жүйесі туралы ақпарат ұсынылады.

Шараның басты спикері ретінде «Атамекен» ҰКП IT-кеңесінің Төрағасы, бизнесті автоматтандыру бойынша бірнеше компаниялардың жетекшісі Мирус Құрмашев болса, қадірлі қонақтар қатарында «JasQazaq» газетінің бас редакторы Срайыл Смайыл, «365info.kz» сайтының қазақ тілі бөлімінің бас редакторы Қайрат Матреков және «Caravan.kz» медиа порталының бас редакторы Темір Мысекеев болады.

Бүгінгі таңда еліміздің қазақ тілді аудиториясы «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы қалай және қандай бағытта жүзеге асырылып жатқаны туралы біле бермейді. Сонымен қатар, электронды құжат айналымы мемлекеттік органдарға қалай әсер ететіндігінен де бейхабар. Осылайша цифрландырудың барлық көріністеріне аудиторияның қызығушылығын арттыру үшін көшпелі семинарлар өткізу қажеттілігі туындайды. Аталмыш семинарлар еліміздің 7 өңірінде 2018 жылдың қыркүйегі мен желтоқсаны аралығында өтеді.

Семинар қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдарын ілгерілету және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын дәріптеу жобасы аясында Коммуникативтік бастамалар мен стратегиялар қоры «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры серіктестігінің қолдауымен жүзеге асырылады.

Уақыты: 26-27 қыркүйек 2018 жыл, сағат 9:30-да. Орны: MOST бизнес-инкубаторы, Алматы қ., Жандосов к-сі, 55/4 (Ю.Ким көшесінен кіру, Ы.Алтынсарин мен Береговой көшелерінің арасында)

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді