Цифрлық даму министрі байланыс операторларына салынған айыппұл туралы айтты

01 желтоқсан 2022, 14:45

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин сапасыз интернет бойынша байланыс операторларына салынған айыппұл еселеп өскенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жыл басынан бері, яғни жаңа айыппұлдар енгізілмей тұрғанда, қыркүйекке дейін 700-ге жуық тексеру болды. Осы орайда 180 миллион теңге айыппұл салынды. Қыркүйек айынан бастап айыппұл сомасы едәуір өсті. Бұрын екінші қайталап талаптарды бұзғаны үшін айыппұл 150 АЕК болса, қазір 1500 АЕК-ке жетті. Қыркүйек айынан бері қазірге дейін 300-ге жуық тексеру жүргізіліп, 300 миллион теңге шамасында айыппұл салынды», — деді Б.Мусин Сенаттың жалпы отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, бұл бағытта қадағалау күшейтілмек, сондай-ақ заңнамалық бастамалар ұсынылатын болады.

24 сәуiр, 14:05
Алматы: «Қарызсыз қоғам» қаржыны тиімді жұмсауға үйретеді
22 сәуiр, 15:46
Түркістан полициясы ұрыны ізін суытпай ұстайды
22 сәуiр, 14:37
Түркістан: Террористік тұрғыдан осал нысандар тексеріліп жатыр
22 сәуiр, 14:00
Түркістан полициясы интернет-алаяқтыққа қарсы пәрменді күрес жүргізеді
18 сәуiр, 13:34
Түркістан: облыс полициясы 8 тәулік ішінде 2312 құқық бұзушылықты анықтады
17 сәуiр, 15:44
Түркістан: Сайрамдық полицейлер алаяқтықтың алдын алды
16 сәуiр, 12:24
Түркістан: Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылыққа жол берілмейді
16 сәуiр, 12:05
Қайрат Нұрқасымов: Алматы Индустриялық аймағы – қала экономикасына серпін береді
12 сәуiр, 20:37
Түркістан: Полиция полковнигі жастарға есірткінің зардабын түсіндірді