Цифрландыру бағытында нәтижелі жұмыс бар

21 қараша 2018, 16:39

Қызылорда облысында цифрландыру бағытында көп жұмыс жүргізілуде. Мәселен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалы төрт саланы бір жүйеге біріктіріп, мемлекеттік қызмет көрсетудің бірыңғай провайдеріне айналды. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы аймақтық филиалының директоры Айдын Қайроллаев былай деді: «Мемлекеттік корпорация құрылған күннен бастап-ақ «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыруды белсенді жүргізе бастағанын айта кетейік. Мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру, автоматтандыру, ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы бұл бағыттағы жеткен жетістіктеріміз де аз емес. «Азаматтарға арналған үкімет» цифрландыру үдерісінің көшбасшысы ретінде еліміздегі цифрландыру ісіне ықпал ететін, нақты жобаларға бастамашы болуда».

Қазір мемлекеттік тізілімде 741 қызмет түрі қамтылған. Олардың арасында 598-не аталған корпорация көрсетеді. Бұл 83 пайыздан астам. Қазіргі күні жергілікті тұрғындар сол қызметтердің тең жартысынан көбін, яғни 454 түрін үйде немесе кеңседе интернет арқылы электронды форматта алуға мүмкіндік бар. Бұл уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік беріп отыр.
Халыққа қызмет көрсету орталығында электронды қызмет түрі былтырғыдан анағұрлым артты. Мәселен, былтыр 449 723 қызмет, биыл 529 155 қызмет түрі көрсетілді. Осылайша дәстүрлі көрсетілетін қызмет көрсеткіші 15 пайызға төмендеген.
Филиал басшысы: «Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында айтылғандай, 2019 жылы мемлекеттік қызметтердің 80 пайызы электронды форматқа көшуі тиіс. Бұл бағытта корпорация тұрақты түрде ауқымды шаралардың ұйытқысы болып отыр. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және электронды қызметтерді үйрету бойынша да әскери бөлімдерде, банктерде, жоғарғы және орта білім ошақтарында, қала, аудан әкімдіктері мен басқа да еңбек ұжымдарында көптеген іс-шара өткізілді. Оған 55 мыңға жуық адам қатысты. Корпорация осы мақсатта Қызылорда облысы әкімдігімен бірлескен жобаны жүзеге асырып, соның аясында аймақта 1 қазанға дейін 41091 адам оқытылып, шілде-қыркүйек айларында 6124 электронды сертификат табысталды. Тұрғындарды үйрету мақсатында желілік жоспар құрылып, соған сәйкес үйренушілер санын 72 мыңға дейін көбейту жоспарлануда». Қазір көптеген қызмет түрі электронды форматқа көшті. Өз кезегінде бұл фронт-офистарға келуші халықтың легін біршама азайтты. Мемлекеттік корпорацияның әрбір фронт-офисі өзіне-өзі қызмет көрсету «Connection Point» секторымен жабдықталған. Ол жерде «электрондық үкімет» порталы және басқа да мемлекеттік ресурстарға шығу мүмкіндігі қамтамасыз етілген. Бүгінде «Азаматтарға арналған үкімет» тарапынан мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру, заманауи технологияларды енгізу арқылы халыққа ыңғайлы жаңа әдістерді қолану қолға алынды. Осыған сәйкес мемлекеттік органдар мен азаматтар арасындағы тікелей байланысты болдырмау міндеті сәтті жүзеге асып келеді. Мысалы, Қазақстан ТМД елдері арасында алғашқы болып мемлекеттік қызметтердің проактивті қағидатын енгізді. Жоба іске қосылғаннан бері облыс бойынша 5 816 ата-ана электронды үкімет порталына тіркеліп, нәрестелі болған 5 300 анаға проактивті қызметтерді алуға SMS-ұсыныс жолданды. Дайын түрде туу туралы куәлік 3 982 адамға табысталып, балабақша кезегіне 3 488 бала тіркелген. Тағайындалған жәрдемақылар – 2 262, толық циклде көрсетілген қызметтер – 1 322-ні құрады. Жаңашылдықтың арқасында автокөлік иелері үшін жүргізуші куәлігін ауыстыру және көліктерді тіркеу жұмыстары айтарлықтай жеңілдеді. Енді автокөлігін тіркеуге келген азамат мамандандарылған халыққа қызмет көрсету орталығында бос жатқан кез-келген нөмірді, нақтырақ айтқанда саудаға түспейтін нөмірді және әріптік таңбаларды өзі таңдайды. Қызмет бағасы – 6 734 теңге. Ал, vip нөмірлерге мұндай жеңілдік жоқ. Жыл басынан бері жалпы құны 75 414 645 теңгеге 303 «әдемі» нөмір сатылған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 328 пайызды құрады.
«Азаматтарға арналған үкімет» өзінің қызметінде кәдеге асырып, мемлекеттік қызметтер көрсетудің бірден бір құралы ретінде пайдаланып келеді. Келесі пилоттық жоба – бір реттік пароль және логин/пароль көмегімен электронды цифрлық қолтаңбаны пайдаланбай-ақ, 44 мемлекеттік қызметті, мысалы мекенжай анықтамасын, сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтама және т.б. алуға болады. Әрбір электронды портал қолданушысы осы функция арқылы өзінің жеке мәліметтеріне қолжетімділікті қоса алады және жауып тастай алады. Бұл орайда тыйым салу тетігін тек жеке кабинет арқылы ғана қосуға болады. Бұл қызметті қолдану үшін азаматтар ХҚК орталықтарына келіп мобильді азаматтар базасына тіркелуі тиіс. Сондай-ақ, соңғы кезде қазақстандықтардың электронды анықтама алу үлесінің ұлғаюына байланысты жақында мемлекеттік корпорация биометрикалық технологияны қолдану аясын ұлғайтпақ.

Руслан Достаев

Цифрлық Қазақстан жобасы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауымен «Коммуникативтік бастамалар және стратегиялар» Жеке қорымен іске асырылады.

18 сәуiр, 13:34
Түркістан: облыс полициясы 8 тәулік ішінде 2312 құқық бұзушылықты анықтады
17 сәуiр, 15:44
Түркістан: Сайрамдық полицейлер алаяқтықтың алдын алды
16 сәуiр, 12:24
Түркістан: Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылыққа жол берілмейді
16 сәуiр, 12:05
Қайрат Нұрқасымов: Алматы Индустриялық аймағы – қала экономикасына серпін береді
12 сәуiр, 20:37
Түркістан: Полиция полковнигі жастарға есірткінің зардабын түсіндірді
12 сәуiр, 12:11
Түркістан: Сайрам ауданында «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы өтуде
12 сәуiр, 12:10
Түркістан: Жетісай полицейлері «Заң және тәртіп» жобасын іске асыруда
11 сәуiр, 16:06
«Нөлдік төзімділік»: Түркістан полициясы 700-ден астам құқық бұзушыны анықтады
11 сәуiр, 15:50
Түркістан: Алаяқтар қашып құтылмайды