jasqazaq.kz

Атом энергетикасы қауіп пе әлде мүмкіндік пе? (Видео)

06 мамыр, 23:24


Бүгінде әлемде энергия тапшылығы мәселесі өзекті болып отыр. Осы ретте көптеген елдер тұрақты әрі тиімді энергия көзі ретінде атом энергетикасына бет бұруда. Еліміз де атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесі әлі күнге қоғамда қызу талқыланып жатыр. Бұл тақырып төңірегінде түрлі пікірлер болғанымен, мамандардың көзқарасы көбіне ғылыми негізге сүйенеді.

МИФИ Ұлттық зерттеу ядролық университетінің Обнинск атом энергетикасы институты, ядролық физика және технологиялар саласының профессоры Алла Удалова атом энергетикасының артықшылықтары мен қауіпсіздігі туралы өз пікірін білдірді. Оның айтуынша, атом станцияларының сенімділігі мен тиімділігі жоғары деңгейде.
«Мен атом станцияларына тек біржақты оң көзқараспен қараймын, өйткені біз осы жобалармен жұмыс істейміз, атом станциялары үшін мамандар дайындаймыз. Қазіргі таңда атом энергетикасы қарқынды дамып келеді. Мәселен, Ресей шетелдерде ондаған ядролық нысандардың құрылысын жүргізіп жатыр.

Қазір Ресей шетелде 20-дан астам ядролық жобаны жүзеге асырып жатыр. Олардың барлығы жоғары сенімділік пен тиімділікке ие», – дейді профессор.
Алла Удалова атом энергетикасына қатысты қоғамдағы қорқыныштардың көпшілігі негізсіз екенін атап өтті. Оның пікірінше, апаттар туралы түсініктер мен радиациялық қауіп-қатерлер жиі әсіреленеді.
«Атом энергетикасына қатысты қорқыныштар, әсіресе апаттар мен ластану туралы пікірлер тым әсіреленген. Егер барлық процесс жоспарға сай жүргізілсе, ешқандай қауіп жоқ. АЭС салу жаңа энергия көзімен қатар, жаңа жұмыс орындарын ашады. Сонымен қатар, елдегі мамандардың біліктілігін арттырып, жоғары технологияларға қолжетімділікті кеңейтеді. Қазақстандағы АЭС құрылысына қатысты шешімнің конкурс негізінде қабылданғанын атап өткен жөн. Бұл — елдің өз таңдауы. Росатомның таңдалуы – оның шетелдегі үлкен тәжірибесімен байланысты. Басқа ешбір ел шетелде мұншалықты көп ядролық нысан салмайды. Бізде үлкен тәжірибе бар және көптеген бағыттар бойынша әлемдік көшбасшылар қатарындамыз », – деді Алла Удалова.
Сарапшының айтуынша, атом электр станциясын салу — кезең-кезеңімен жүзеге асатын күрделі процесс. Бұл үдеріс халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізіледі.
«Барлық кезеңдер алдын ала жоспарланған. Бұл схемалар МАГАТЭ деңгейінде келісілген және барлық елдерге ортақ талаптарға сай. Қазіргі таңда Қазақстанда АЭС салынатын алаң бойынша инженерлік зерттеулер аяқталған. Алдағы уақытта ұлттық инфрақұрылымның мүмкіндіктері бағаланып, жобаға жергілікті ресурстарды тарту мәселесі қарастырылады.», – деді ол.
Сарапшы атом энергетикасын қауіп емес, керісінше, елдің энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ететін стратегиялық мүмкіндік ретінде қарастырады. Ең бастысы — барлық талаптар мен қауіпсіздік стандарттарын қатаң сақтау екенін тағы да еске салды.

Олжас Әбдіхалық

26 мамыр, 16:59
Как формируется интерес студентов к чтению книг в Туркестане?
26 мамыр, 16:54
Эльмира Идрисова: Главная цель университета — подготовить учителей нового формата
25 мамыр, 18:28
В Туркестанской области более 35 тысяч выпускников завершили обучение
25 мамыр, 16:33
«JAS GALA – 2026»: Алматыда үздік студенттер марапатталды
21 мамыр, 18:30
В Туркестане обсудили итоги саммита и экономику региона
21 мамыр, 18:28
Данияр Әлиев: Ұлттық мәдениет – ұлттың тарихи жадын сақтайтын рухани құндылық
21 мамыр, 16:56
Жанат Шардарбекова: Библиотека - культурное пространство, объединяющее представителей разных поколений
21 мамыр, 16:46
Әділ Әуелбеков: Равенство в качестве образования — главный показатель гармоничного развития
21 мамыр, 16:15
Қуаныш Бақытұлы: Алматы облысы - инвестиция тартуда белсенді өңірлердің бірі