jasqazaq.kz

Цесна банктің атауы өзгерді

29 сәуiр 2019, 12:35

«Цеснабанк» басшылығы банк атауының өзгертілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарата агенттігі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Банктің жаңа атауы — First Heartland Jýsan Bank. Ал бөлшектік бренді — Jýsan Bank.

«Бәріміз жусанның көктемгі хош иісі – ұлы даланың жаңғыруы мен жаңаруының нышаны екенін білеміз. Әлбетте, бұл біздің отанымыздың иісі, ол дәуірлердің өткенін, бүгінін және болашағын жалғастырады. Біздің банктің латын қарпімен жазулы қазақша жаңа атауы — Jýsan Bank біздің құндылықтарымызды: тұтастығымыз бен ілгері дамуымызды білдіреді», — дейді басқарма төрағасы Бекжан Пірматов.

Ребрендинг туралы шешім Банктің жаңа бизнес стратегиясының шеңберінде қабылданды және 2019 жылдың ағымында сыртқы жарнама нышандары кезең-кезіңімен өзгертіліп, Jýsan Bank атауымен және белгісімен жаңа банктік өнімдер және басқа да құралдар енгізілетін болады. Бұл ретте клиенттерге банк қызметіне байланысты құжаттарға қандай да бір өзгертулер енгізу, карталарды қайта шығару және шарттарға қайта қол қою сияқты мәселелер жөнінде алаңдаудың қажеті жоқ.

«Банк атауының Jýsan Bank деп өзгертілуі, біздің команда үшін, сондай-ақ біздің клиенттеріміз үшін де біздің барлық жаңа өніміміз бен қызметіміз инновациялық және ыңғайлы болуы үшін ілгерілейтін позитивті жағдай болып табылады. Jýsan Bank-те өз шаңырағыңыздағыдай бәрінің жайлы да сенімді болғанын қалаймыз», — дейді басқарма төрағасы.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда