jasqazaq.kz

Тропикалық ормандар өртеніп жатыр

23 тамыз 2019, 17:23

 

Бразилия Федеративтік Республикасының тропикалық ормандарында мыңдаған өрт ошағы жалындап жатыр.

Бразилия ғарыш агенттігінің дерегіне сәйкес, биыл Амазония тропикалық ормандарындағы өрттің саны рекордтық деңгейге жеткен. Әсіресе, Бразилиядағы Рорайма, Акри, Рондония, Амазонас және Мату-Гросу-ду-Сул штаттары қатты зардап шеккен. Бразилия ұлттық ғарыш зерттеу институтының спутниктік деректері көрсетіп отырғандай, өрттің саны былтырғыдан 85%-ға артқан. Ресми мәліметтерге сәйкес, Бразилияда 2019 жылдың сегіз айында 75 мың орман өрті шықса, бұл көрсеткіш 2018 жылы 39 759 болған. Өрттен елдің солтүстігі қатты зардап шеккен. Атап айтқанда, өрт саны солтүстік Рораймада – 141%, Акри батыс штатында – 138%, Рондония батыс штатында – 115%, солтүстік-батыстағы Амазонас штатында 81%-ға көбейген. Бразилияның ірі штаттарының бірі Амазонаста төтенше жағдай жарияланды. Оңтүстік-батыстағы Мату-Гросу-ду-Сул штатында өрт көлемі 114% артқан. Белсенділердің айтуынша, Бразилия президенті Жаир Болсонарудың сөздері орманды оңды-солды отауды көбейтіп отыр. Өз кезегінде жаһандық жылыну теориясын бұрыннан мойындамайтын Жаир Болсонару үкіметтік емес ұйымдарды өзінің үкіметіне зиян келтіру үшін орманды әдейі өртеп отыр деп айыптады. Кейінірек ол үкіметтің жалынмен күреске ресурстар жетпей жатқанын айтты.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты