jasqazaq.kz

Троллейбустар жүрмей қалды

05 қараша 2019, 11:15

Алматы тұрғындары троллейбустардың жүруіне шағымдана бастады. Жолаушылардың наразылығына «Алматыэлектротранс» ЖШС өкілдері жауап берді.

«Құрметті жолаушылар, №8 подстансадағы желінің зақымдануына байланысты бүгін №11 маршрут бойынша 20 троллейбустың 10-ы, №25 маршрут бойынша 31 троллейбустың 16-сы, №7 маршрут бойынша 27 троллейбустың 14-і, №19 маршрут бойынша 17 троллейбустың 9-ы ғана шығады. Көліктердің арасындағы интервал ұзақ болады», — деп жазды «Алматыэлектротранс» ЖШС Facebook -тегі парақшасында. Сонымен қатар, Қабанбай батыр көшесінде тоқ кернеуі аз болғандықтан, №9 троллейбус бағдары толық жабық болады. Компания уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.

ҚазАқпарат

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық