jasqazaq.kz

Трансформациялау – жұмыстан босату емес

01 қараша 2017, 16:10

«Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеев компанияларды трансформациялауға қатысты қандай жұмыстар атқарылып жатқаны туралы айтып берді, – деп хабарлады «ҚазАқпарат». Трансформациялау бағдарламасының кезекті атқарушы комитетінің мәжілісі онлайн режімде өтті.

«Біз бүгінгі күні трансформация аясында бірнеше жобаларды қараймыз. Бұл шынында да, құрылымы берік, жүйеленген әрі нақты бөліктерге бөлінген бағдарлама. Мәселен, «Самұрық Қазынаның» бас кеңсесінде трансформациялауды нақты 22 жобаға бөлдік. Әр жобаның өзінің орындаушысы мен қоры бар. Аталған жобаның жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін арнайы команда құрылды», — дейді басқарма төрағасы. Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша, еншілес компанияларға датрансформациялау бағдарламасын жүргізу үшін арнайы команда құрылған. «Жалпы трансформациялау компанияны бәсекеге қабілетті ете түсетін жүйе екенін атап өткім келеді. Егер сіз 20-30 жыл бұрынғы компаниялардың тізімі мен оны бүгінгі күнгі жағдаймен салыстырсаңыз, өте үлкен өзгерісті аңғарып, ірі компаниялардың өміршеңдігін дәлелдеп шыққанын көресіз. Неліктен олар өміршеңдігін сақтап қалды деп сұрақ қоюыңыз мүмкін? Олар уақытында трансфомациялаудан өткенін атап өтуге болады», — дейді ол. Өмірзақ Шөкеев сонымен бірге, трансфомациялау деген адамдарды жұмыстан босату дегенді білдірмейтінін атап өтті. «Трансформациялау адамдарды жаппай жұмыстан босату деген сөз емес. Бұл бағдарламаның адамдарды өз орнынан босату дегенге мүлде қатысы жоқ. Біздің желілік менеджерлердің кейбірі бұл жаппай жұмыстан босату дей отырып, бағдарламаның сәтті жүзеге асырылуына кедергі келтіреді. Трансформациялау — тек қана оңтайландыру ғана емес, тиімділігі жоқ шығындарды қысқарту», — дейді Өмірзақ Шөкеев.

Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті