jasqazaq.kz

Трансұлттық қылмыстық топ құрықталды

29 қыркүйек 2016, 16:07

9_9-crop_display-700x409

Алматы облысында трансұлттық қылмыстық топтың мүшелері ұсталды. Олардың жанынан есірткі мен қару-жарақтар табылды. Бұл туралы Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

27-қыркүйекте Алматы облысы ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері Алакөл ауданы Достық ауылы маңын шұғыл шолу шаралары кезінде трансұлттық қылмыстық топтың 3 белсенді мүшесін құрықтады. Қылмыстық топ елді қорқытып-үркітіп, тонап, алаяқтықпен шұғылданған. Одан тыс заңсыз жолмен Қытайдан тауар тасыған.

„Оларға тиесілі «Мицубиси-Паджеро» көлігін тінту кезінде «Стриммер» және «ПМ» маркасындағы травматикалық тапаншалар, бір мылтық пен оның оқ-дәрілері шықты. Оған қоса, шөпке ұқсас жасылмен толтырылған екі сіріңке қорабы мен өзіндік иісі бар, сүт түстес ұнтақтақтағы пакет табылды„ делінеді арнайы хабарламада.

Күдіктілер бірден тұтқындалып, уақытша ұстау изольяторына тоғытылды.

Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы, 4-тармақшасы, яғни „Алдын ала бір топ тұлғамен келісе отырып атыс қаруларын, оқ-дәріні, қару жарақты немесе жарылғыш заттарды ұрлау, оларды заңсыз алу, алып жүру, сақтау жасау немесе өткiзу„ бойынша сотқа дейінгі Бірыңғай тергеу тізіліміне тіркелді.

Қазіргі уақытқа сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

kaz.365info.kz

13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі