jasqazaq.kz

Трамп Түркияға қарсы санкцияны алып тастады

24 қазан 2019, 10:49

АҚШ Президенті Дональд Трамп Түркия қарулы күштерінің «Бейбітшілік көзі» контртеррористік операцияларына байланысты Анкараға енгізілген санкцияны тоқтатуды бұйырды. Бұл туралы «Анадолу» агенттігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

«Мен қаржы министрлігіне 14 қазанда Түркияға қатысты енгізілген санкцияның күшін жоюды тапсырдым», — деді Америка көшбасшысы. Ақ үй басшысы келісім жүргізілгеннен кейін Түркияның «Бейбітшілік көзі» операциясын тоқтатқанын атап өтті. АҚШ президенті Сирия-Түркия шекарасында оқ ату тоқтатылып, жағдайдың тұрақталғанын мәлім етті. «Қашықтығы 20 миль (32 шақырым) болатын қауіпсіздік аймағы құрылды», — деді ол. АҚШ қаржы министрлігі Түркияның екі министрлігі мен үш министріне қатысты санкциялардың ресми жойылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Америка қаржы ведомствосының жариялаған пресс-релизінде айтылған. Шектеу шаралары осы жылдың 14 қазанында Түркия ҚК Сирияның солтүстігінде «Бейбітшілік көзі» контртеррористік операцияларын жүргізуіне байланысты енгізілген еді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде