jasqazaq.kz

Трамп Цукербергті қылмыскер деп атады

29 қазан 2021, 15:24

АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп Facebook-тің негізін қалаушы әрі бас директоры Марк Цукербергті президенттік сайлауға араласқан қылмыскер деп айыптады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail сайтына сілтеме жасап.

Трамп қолдаушыларына Цукерберг пен оның әйелі Присцилла Чанның жергілікті сайлау комиссияларына 400 миллион доллардан аса қайырымдылық жасап, 2020 жылғы президенттік сайлау науқанына әсер еткені туралы хабарлама жолдады.

«Марк Цукерберг, менің ойымша, 400 миллион доллардан аса қаражат жұмсап, президенттік сайлаудың бағытын өзгерте алған қылмыскер. Бұл Facebook-ке әсер еткен жоқ», — деді Трамп.

Әңгіме былтыр күзде, АҚШ президентінің сайлауы қарсаңында бөлінген қаражат туралы болып отыр. Марк Цукерберг пен оның жұбайы Присцилла Чан Технологиялар және азаматтық өмір орталығына (CTCL) және Сайлау инновациялары мен зерттеу орталығына (CEIR) 419,5 миллион доллар бөлген.

Қайырымдылық мақсатында деп, CTCL және CEIR жергілікті билік органдарына коронавирустың сайлау учаскелерінде таралуын болдырмау үшін қорғаныс құралдарын алуға, пошта бюллетеньдерін өңдейтін жабдықтарға қаражат бөлген.

CTCL және CEIR партиясыз ұйымдар ретінде тіркелгенімен, The Federalist-те жарияланған талдау ақшаны негізінен демократиялық округтерде таратқанын көрсетті. Осыдан кейін республикалық Заң тобы тоғыз штатта қайырымдылыққа қарсы сот ісін қозғады. Цукербергтің өзі қаражат заңсыз мақсаттарда пайдаланылатынын жоққа шығарды.

Бұған дейін Трамп елде Twitter және Facebook-ке бойкот жариялауға шақырып, бұл компанияларға, сондай-ақ, олардың басшылары Марк Цукерберг пен Джек Дорсиге қарсы сотқа шағымданатынын мәлімдеген.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық