jasqazaq.kz

Трамп пен Ким Чен Ын кездесті

30 маусым 2019, 23:18

Бүгін қос Кореяның ортасындағы шекаралық аймақта жолғыпы, қол алысқан қос президент бір сағатқа жуық әңгіме-дүкен құрды. Нәтижесінде қандай халықаралық һәм қос ел мүддесіне жұмыс жасайтын шешімдер қабылданғаны туралы Qamshy.kz жазды.

Қос көшбасшы сағат бойы қауқылдасса да, ортақ мәмілеге келе қоймаған сыңайлы. Бұлай деп тон пішуімізге себеп — алдағы уақытта қос тараптан да келіссөз жүргізетін арнайы топ құрылып, жоспарды солар жүзеге асыратыны. Олардың талқыға салатын таңдаулы тақырыбы — бөлініп кеткен Корея жартықұрлығындағы ынтымақтастық.

«Біз әрбіріміз келіссөз жүргізетін топ құрып, атқарылатын жұмысты соларға тапсыруға келістік. Командалар бірқатар мәселелер бойынша жұмыс жасайды», — деді Трамп.

АҚШ тарапының келіссөз жүргізетін арнайы «жасағын» қазір Солтүстік Кореядағы арнайы өкіл қызметін атқарып отырған Стивен Бигун атқармақ.

Келіссөз қорытындысында Трамп ҚХДР тарапына салынған санкцияларды әзір қайтаруға құлықсыз екенін, бірақ уақыт өте келе қайтаруы мүмкін екенін жеткізді. Сондай-ақ, Ким Чен Ынды Вашингтонға шақырып, бұл кездесудің де жүзеге асатынын мәлімдеді.

Дональд Трамп пен Ким Чен Ын арасындағы әңгіме сағатқа жуық уақытқа созылды. Кездесуге Оңтүстік Корея басшысы Мун Чжэ Иннің қатысып-қатыспағаны беймәлім.

Дегенмен, Оңтүстік Корея көшбасшысы жартықұрлықты бөлу мәселесінде және ынтымақтастықты нығайтуға қос президенттің келіссөзі көп күш салғанын атап өтті.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда