jasqazaq.kz

Трамп: Керек болса Иранмен келіссөз жүргіземіз

21 мамыр 2019, 11:13

Иранның өзі дайын болған кезде ғана АҚШ тарапы онымен келіссөз жүргізетін болады. Бұл туралы Ақ Үй басшысы Дональд Трамп іс-сапарымен Пенсильвания штатына аттанар алдында мәлімдеді.

Алайда Иран Құрама Штаттардың Таяу Шығыстағы мүддесіне қайшы келетін әрекеттерге барса, онда аяушылық болмайтынын тағы жеткізді. Бұған дейін Иран билігі АҚШ-пен арадағы жағдайды одан әрі ушықтырмас үшін келіссөздер жүргізуге әзірлігін білдірген еді. Естеріңізге сала кетсек, Иран таяуда уран байыту ісін жаңғыртатынын хабарлады. Яғни ядролық келісім аясында салынған шектеуге мойынсынбайтынын аңғартты. Бұған АҚШ-тың бір жыл бұрын 5+1 ядролық келісімнен шығып, Иранға қарсы санкцияларды күшейтуі себеп болған.

Дональд Трамп, АҚШ президенті:

– Бұл туралы әлі сөйлескен жоқпыз. Не болатынын алдағы уақыт көрсетеді. Егер Иран бізге қоңырау шалса, онда міндетті түрде келіссөз жүргіземіз. Тек Иран тарапы бұған өзі дайын болса болғаны. Ондай қадамға әзір болмаса, бізді мазаламай-ақ қойсын.

24.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда