jasqazaq.kz

Трамп Иранның маңызды нысандарын атқылау мүмкіндігін жоққа шығармайды

05 қантар 2020, 11:55

АҚШ президенті Иранды АҚШ және америкалықтарға қарсы бағытталған іс-әрекеттен аулақ болуға шақырды. Дональд Трамп өзінің Twitter парақшасында осылай деп мәлімдеді.

Сенбі күні Америка президенті өзінің аккаунтында «Иран әскери қолбасшы Касем Сүлейманидің өлімі үшін АҚШ-тың белгілі бір нысандарына соққы жасау туралы өте батыл айтып отырғанын» сөз етті. «Ұзақ жылдар бойы Иран қиындық туғызып келді. Бұл ескерту болсын. Егер Иран америкалықтарды немесе америкалық нысандарды атқылайтын болса, біз де қазірден бастап Ирандағы 52 нысанды көздеп отырмыз (бұл нысандар Иранның көп жыл бұрын тұтқынға алған 52 америкалықты білдіреді). Ол нысандардың кейбіреуі Иран үшін, иран мәдениеті үшін аса маңызды. Соққы осы нысаналарды және Иранды көздейді, бұл өте жылдам және өте күшті соққы болады. АҚШ қорқытып-үркітуге енді шыдамайды!», — деп жазды АҚШ президенті.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия