jasqazaq.kz

Трамп Иранмен соғысқысы келмейтінін айтты

05 маусым 2019, 16:09

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қатысты әскери әрекеттер болуы мүмкіндігін жоққа шығармады. Бұл туралы америкалық көшбасшы ұлыбританиялық ITV басылымына берген сұхбатында мәлімдеді, — деп хабарлайды Lenta.ru порталы Reuters басылымына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Иран президенті Хасан Роуханимен келіссөздер жүргізуге қуана келісетінін айтты. Алайда әскери әрекеттер мүмкіндігі туралы сұраққа ол былай деп жауап берді: «Әрдайым соғысу мүмкіндігі бар. Менің соғысқым келе ме? Жоқ. Ондайға барғым келмейді. Бірақ ондай мүмкіндік қала береді». Трамптың айтуынша, Иран оның президент қызметіне кіріскенінен бастап-ақ жау көреді екен. «Сол кезде олар әлемдегі бірінші террорлық ұлт болды, мүмкін, бүгінде солай шығар», — деді ол. 3 маусымда АҚШ Иранмен жаңа ядролық келісімшарт жасауға дайын екендерін жариялады. Келісім бойынша, Иран жаппай жою қаруы алмайды. 15 мамырда Иран ресми түрде Бірлескен кешенді іс-қимыл жоспары бойынша қарастырылған ядролық бағдарламаның кейбір міндеттерін орындаудан бас тартты. АҚШ пен Иранның қарым-қатынасы бір жыл бұрын шиеленіскен. 2018 жылдың мамыр айының басында Трамп Вашингтонның 2015 жылғы ядролық келісімнен бір жақты шығуы және Тегеранға қарсы санкцияларды қайта қалпына келтіру туралы жариялады. АҚШ-тың Иранға қарсы шектеу шараларының жаңа пакеті қараша айында күшіне енді. Санкциялар мұнай экспортына, өнеркәсіпке, саудаға және елдің Орталық Банкі операцияларына доллармен таралады.

Дереккөзі: tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде