jasqazaq.kz

Тракторлар той кортежіне шықты (видео)

16 сәуiр 2019, 13:42

Түркістан облысында трактор жүргізушісі өзінің үйлену тойының кортежінде трактормен жүріп өтті, — деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Ордабасы ауданы Төрткүл аулының жастары Дархан мен Марал өткен жылдың соңында отау құрған. Отағасы Дархан биыл тойларын ерекше өткізуді ойлап, той кортежінде трактормен жүру туралы достарымен және ауылдастарымен ақылдасыпты. Бұл идеяны жігіттің жары той болардан сәл ғана бұрын білген. Босаға аттаған келіншек үшін бұл кортеж тосын сый болыпты. «Басында ескі көлікпен шығамын деген ойым бар еді. «Москвичтерді» іздестірдім, бірақ таппадым. Сөйтіп трактормен жүру туралы ойымды айтқанда елдер күле қарады. Олай болмайды ғой, деп қарсылық білдірген. Ондай нәрсе болмаған деген де болатын. Кейіннен бәрі мені қолдап тракторларын сәндеп, ауылды аралап, ауылдың балалары алдымыздан шығып, мәре-сәре болып жатты», — дейді өз тойын ерекше үлгіде өткізген Дархан.

Дарханның өзі тракторист, МТЗ-80 маркалы тракторы бар. Ауылдағы барша тракторшылар Дарханның бұл идеясын қолдай кетіп, жастардың тойына өздерінің де үлестерін қосуға атсалысыпты. Олар да өз тракторларын сәндеп, кортеж қатарына қосылған.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда