jasqazaq.kz

Трактор тізгіндеген балаларды полиция ұстады (видео)

27 қантар 2021, 15:52

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жүк тиегіш техника мінген екі баланың видеосы тарады. Жол-патрульдік полиция қызметкерлері оларды тас жолдың бойында ұстаған. Маңғыстау облыстық полиция департаменті оқиғаның мән-жайын айтты. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Видеодан полиция қызметкерінің тас жолдың бойында ауыр жүк тиегішті тоқтатқанын көруге болады. Кабинадан екі бала шықты. Олар техниканы үйге апара жатқанын айтады. Сөйтсе, жас жүргізушінің жасы – 8-де, ал екіншісі – 9 жаста. Екеуі ағасына телефон шалып, жол полициясына ұсталып қалғанын жеткізеді. Полицей «Үйге жаяу барасыңдар» деп техниканың есігін жауып тастайды.

Маңғыстау облыстық полиция департаменті оқиғаның былтыр қазан айында болғанын хабарлады. Рөлде болған баланың ата-анасына Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 612-бабы 5-бөлігі бойынша хаттама рәсімделді. Осы бап бойынша 50 АЕК (145 мың теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған.

Бұдан бөлек, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі қызметкерлер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабы (кәмелетке толмағанды тәрбиелеу және (немесе) білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) және 128-бабы (кәмелетке толмағанды әкімшілік құқық бұзушылық жасауға тарту) бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

Айта кетейік, 127-бап бойынша 15-20 айлық есептік көрсеткіш (43 755-58 340 теңге) көлемінде айыппұл немесе 5-10 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы көрсетілген. Ал 128-бап бойынша 50 АЕК (145 мың теңге)айыппұл қарастырылған.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия